$ 494.87  520.65  4.91

«Дұрыс пайдалана алмай отырмыз»: Гүлзира Айдарбекова еліміздегі туризм саласы дамымай жатқанын айтты

Елімізге көліктердің айыппұлынан-ақ қаншама миллиард түсіп жатыр.

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova/
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova/

Танымал продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова елімізде туризм саласы дамымай отырғанына күйінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгінде өнер иесі Еуропаның түрлі қалаларын аралап, саяхаттап жүр. 

“Бізде барына бар-ау, Алланың берген кереметін дұрыс пайдалана алмай жатырмыз. Ең болмағанда Түркия сияқты, тамағы мен бүкіл жағдайды сол төлемнің ішіне енгізіп, тазалықты сақтаса жақсы болар еді. Судың жағасына ақ тас пен ақ құм төгіп тастап, бар жағдайды жасауға болады. Өзге елді көрген сайын еліміздің туризм саласы да дәл осындай болса деп армандаймын. Біз және бүкіл әлем жылына қаншама адам ағылып, ақша тастап кетіп өз елдерін байытып, бағып отыр. Қаншама кісілерге жұмыс та табылар еді. Бір-бірін алдап, ақылын сатпай, еңбегімен табыс табады. Сол кезде біздің ел туристермен-ақ бай-қуатты болар еді. Елімізге көліктердің айыппұлынан-ақ қаншама миллиард түсіп жатыр. Сол ақшаларды пайдаланса ғой, еліміздің көркеюіне. Әттең тонның келтесі-ай болып тұр ғой бізде”, – деп жазды продюсер.  

Сонымен қатар продюсер сән әлемінің отаны Милан қаласын көрсетіп, бренд дүкендерді аралады.

“Әлем бойынша әйгілі сән отаны және дәмді пиццасымен танылған, тарихы терең – Италия. Милан қаласы. 2024 жылдан естелік болсын! Менің оқырмандарыма да осы жерге келуді тілеймін. Бүкіл әлемді аралау бұйырсын!”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары