Кеше ғана туып едің, бүгін тағы да туып отырсың.
50 жасында төртінші рет ана атанған продюсер Баян Мақсатқызын блогер Мөлдір Анарбаева ерекше құттықтап, халықты күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Блогер 15 күн бұрын ғана үшінші рет ана атанған продюсердің тағы да ана болғанына таңданысын жасыра алмады.
“Не дейміз?! Баяшка, жарайсыз. Күнара туасыз. Шетелден келетін ешкілерден де озды. Олар жылына төрт рет туады деп естіп едік. Миым жетпей отыр. Оның үстіне орысшамды да білесің. Кеше ғана туып едің, бүгін тағы да туып отырсың. Шын тудың ба, әлде атын ауыстырдың ба?! Ертең ұл ұстап отырмашы. Не болса да, аман болсын! Дені сау ұрпақ өссін! Обалы не керек, Баян өзіме ұнайды”, – деп жазды блогер келіншек.
Айта кетейік, продюсер тағы да бір мәрте ана атанғанын сүйіншілеген едік.