21.08.2024, 13:40

«Миллионердің әйелімін»: Ерке Есмахан желідегі жазбасымен елді қызықтырып қойды

Фото: instagram.com/erkeesmahan

Әр қазақ қызы тек бақытқа, байлыққа, махаббатқа лайық.

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан желіде жаңа фотосессиясын жариялап, ерекше жазба қалдырды. Өнер иесі өзін миллионердің әйелі деп атауды ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ерке Есмахан соңғы түскен фотосессиясын бірден Instagram-дағы парақшасында оқырмандарына көрсеткен. Онда ақ көйлек киген әншінің қалада серуендеп жүргенін көруге болады. Өнер иесі желіде жаңа образын паш етіп, ерекше жазба қалдырған. Ол өзін миллионердің әйелі екенін айтты.

"Миллионердің әйелімін! Ой, дұрыс жазбадым. Жас миллионердің әйелімін! Енді дұрыс. Әр қазақ қызы тек бақытқа, байлыққа, махаббатқа лайық", - деп жазды Ерке Есмахан.