22.08.2024, 12:40

«Осы күнгі дейін жинаған ақшам»: Абай Бегейдің қызы енесіне 1,5 млн теңгенің сағатын тақты (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

"Енем бүкіл маңдай терімен жинаған малын шашты".

Әнші Абай Бегейдің енді ғана келін болып түскен 16 жастағы қызы енесіне бағалы сыйлық тарту етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол енесіне ризашылығын білдіріп, кашанда еңбектің бағаланғаны дұрыс екенін атап өтті. 

"Өздеріңіз куәсіздер Мұстафа екеуміздің тойымызға енем бүкіл маңдай терімен жинаған малын шашты. “Қандай көйлектер киесің? Ұнатқаныңның бәрін ал, ботам”, деп мені қуанту үшін барын салды. Сол үшін менде осы күнге дейін жинаған қаражатыма енемді қуантып алтын сағат сыйлайыншы дедім. Бұл менің шын жүрегімнен шыққан сыйлығым", - деп жазды ол.

Сонымен қатар ол бұл қаражатты өзі жинағанын айтты.

"Сізді қатты жақсы көремін. Осы күнгі дейін жинаған ақшама сізге сыйлық алдым. Соны  сізге табыстағым келіп тұр. Сізге 1,5 млн теңгеге алтын сағат алдым", - дейді Сымбат Абайқызы.