23.08.2024, 04:30

«Ұлттық киім тек бізге ғана жарасады»: Роза Рымбаева ұлттық құндылық жайлы айтты

Фото: instagram.com/rozarymbaeva

Ата-бабамыз түрлі әдемі ою-өрнектерімізді біз үшін ойлап тапқан. 

ҚР халық әртісі Роза Рымбаева қазақтың ұлттық құндылығы туралы өз ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Alash.kz-ке сілтеме жасап. 

Видеоны белгілі отандық дизайнер Ғани Көбеев өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Қазақтың ұлттық киімі тек біздерге ғана жарасады. Ата-бабамыз түрлі әдемі ою-өрнектерімізді біз үшін ойлап тапқан. Ерекше ғой. Халықтың бәрі бізді қолдайды. Қазақтың ұлттық киімін, шапанын өндіріске шығарып жатқан сіздерге алғыс”,- деді Роза Рымбаева.