Балаларымның бақытты болғанын қалаймын!
Танымал продюсер Мөлдір Мұқан ерте тұрмысқа шығуға қатысты өз ойын бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Мен қыздарымның тұрмысқа шығуына қарсы емеспін. Бірақ 16 жасында тұрмысқа шыққаны қиындау секілді. Бірақ әр адам өзінің маңдайына жазылған дүниені көреді. Қай жаста шықса да, тек бақыт тілеймін. Ешқандай артық сөз айтпаймын. Біз емес ол мәселені талқылайтын. Ең бастысы, жастар бақытты болсын!”, – деп тіледі продюсер.
Сонымен қатар медиа менеджері өзінің қай жаста тұрмысқа шыққанын есіне алды.
“Өзім 20 жасымда тұрмысқа шықтым. Үлкен қызым Әдемі 20 жасқа толды. Қарап отырсам, қызым әлі бала. Оның дене бетімі бойшаң, ірі болғанымен, ой-өрісі әлі бала. Оның кейде ойнап жүргенін көріп, “Қызым, мен сенің жасыңда тұрмысқа шыққанмын. 21 жасымда балалы болдым” десем, “Мама, мені асықтырмаңыз, қазір заман басқа” дейді. Балаларымның бақытты болғанын қалаймын”, – деп ағынан жарылды шоу-бизнес өкілі.