$ 494.87  520.65  4.91

«Аяғына жығылдым, сөздеріме өкіндім»: Айгүл Иманбаева жалынып кешірім сұраған кезін есіне алды

Өнер иесі “Мамский әңгіме” подкастында марқұм әкесінің қандай адам болғанын айтты. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айгүл Иманбаева марқұм әкесін есіне алды. Өнер иесі “Мамский әңгіме” подкастында марқұм әкесінің қандай адам болғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

“Менің 4 жасымда ата-анам ажырасқан. Содан біз нағашылардың қолында өстік. Анамның руы – Дулат еді, мен де сол руданмын деп айтып жүрдім. Бір күні анам, “Сендер Арғынның ішіндегі русыңдар, елдерің бөлек” деді. Негізі, әкем Орал өңірі, Казталовка деген жердің тумасы. Кейін сұрасам, руға жатпайтын Төлеңгіт деген елдің ұрпағы екен. Әрине, 40 жыл бойы әкеңді білмей өсу оңай емес. 40 жыл тегімді де білмедім. Кейін әкемді танып біліп, араласқым келді. Араласуымыз да ұзаққа бармады. Екі жылдан кейін қайтадан байланыс үзіп алдық. Ол 8 жылға ұласты. Бір күні бір бағдарламаға шақырып қалды. Сол жерде әкеме хабарластым. Өзі де Алматыға келе жатыр екен. Кездесетін болып келістік. Ертеңіне 6 сағат бойы сырласып, ішіміздегі өкпе-ренішті шығардық. Аяғына жығылып тұрып кешірім сұрап, артық айтқан сөздеріме өкіндім”, – деді әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 67
Ұнамайды 19
Күлкілі 4
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары