Қазір енді ұят емес шығар, иә?!
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жазира Байырбекова алғаш тұрмысқа шыққан уақытын есіне алды. Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әнші алғаш келін болып түскенде жолдасымен еркін қол ұстасып жүре алмағанын айтты.
«28 жыл бұрын үйленген жұп деп кім айтады бізді. Жаңадан үйленгенде қол ұстасып жүре алмадық. «Ұят, масқара» деді ауылда. Қазір енді ұят емес шығар иә», - деп жазды өнер иесі.