27.08.2024, 06:30

«Шүберегің маңызды емес»: Дина Төлепберген жаңа образымен елді аузына қаратты (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/ dinatolepbergen

Әлгі видеосын көрген желі қолданушылары Динаның өжеттілігіне таңғалды.

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген жаңа образымен елді елең еткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Журналист Instagram-дағы парақшасына батырдың киімімен түскен суретін жүктеген.

Дина Төлепберген видеода Нұрсүлтан Мейірбекұлының өлеңін оқыған.

 «Менің ішкі жан-дүниеме сәйкес келетін киімді кидім-ау ақыры… Бірақ сенің сыртқы шүберегің емес, ішкі шымырлық пен шынайылығың маңызды. Қандай сынақ келмесін өз-өзіңді алға қарай қамшыла», - деп жазды ол.

Оның әлгі видеосын көрген желі қолданушылары  Динаның өжеттілігіне таңғалды.

 «Мықты қыз ғой, амандық тілейміз», «Халықтың қызы бола білдің», «Энергияңыз киімсіз-ақ шешіледі», «Тұнып тұрған мотивация ғой мына кісі» десті көпшілік.