Осыған орай әнші әлеуметтік желіде баласының суретін жариялап, тілек жазды.
Сәкен Майғазиев тұңғыш баласын әлеуметтік желіде туған күнімен құттықтап, жазба арнады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әншінің ұлы Әділет Сәкенұлы 26 жасқа толып жатыр екен.
"Алла ұлық! Бүгін әжесінің ақылдысы, тұла бойы тұңғышымыз Әділет Сәкенұлы 26 жасқа толды! АллаТағаланың мейіріміне бөленген сүйікті құлы, пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың сансыз салауаты болсын!) лайықты үмметі, елімізге пайдасы тиетін қазақ халқының адал перзенті, әулетіміздің зүриятын өрбітер салиқалы ұрпағы бол, құлыным. Ол үшін не істеу керек? Ертерек үйлену керек", - деп құттықтады ұлын.