Блогер отбасылық отырыста жасалған фото мен видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Тележүргізуші Гүлмира Дайрабаеваның ұлы, танымал блогер Артур Асқарұлының жеке өмірінде жақсы жаңалықтар орын алуда. Ол маңызды қадам жасап, сүйіктісін анасымен таныстырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Артур Асқарұлы ғашығы мен анасының алғаш кездескен сәтін видеоға түсіріп, көпшілікке көрсетті.
"Бүгін өмірімдегі ең басты екі әйел танысып жатыр", деп жазылған бейнежазбадан Гүлмира Дайрабаеваның ұлының сүйіктісін бірден құшақтап, қуанышын жасыра алмай тұрғанын көруге болады.
"Осы күнге де жеттік-ау. Қуанайын ба? Көтеріп алайын ба", - деді тележүргізуші.