28.08.2024, 13:40

«Кешірші, жаным!»: «Меломен» тобының әншісі халықтан сүйінші сұрады (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/kairat_myrzahanov

Шолпан Мырзаханова оқырмандарына перзентханадағы суретін көрсетті. 

«Меломен» тобының мүшесі Қайрат Мырзахановтың әйелі бесінші рет бала босанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жақсы жаңалықты әншінің өзі мен әйелі әлеуметтік желіде жарияға жар салды.

«Сүйінші! Ресми түрде бес баланың ата-анасы болдық. Аллаға сансыз шүкір», - деп жазды Қайрат Мырзаханов. 

Шолпан Мырзаханова оқырмандарына перзентханадағы суретін көрсетті. Артынша әншінің келіншегі бір құпияны желіде мәлімдеді. 

«Күйеуіме тосынсый жасадым. 9 ай бойы ұл деп айтып келдім. @kairat_myrzahanov кешірші, жаным! Кіндік ата-анасы @zhorabaev @ayauka_zhorabayeva», - деп жазды әншінің әйелі.

Мұны көрген әлеуметтік желі қолданушылары ерлі-зайыптыны құттықтап, ақ тілегін жаудырды.

«Бауы берік болсын», «Ғұмыры ұзақ, салиқалы ұрпақ болсын», «Маған жұғысты болсын» деп көпшілік жаза жөнелді.