Роза Әлқожа бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.
Әнші Роза Әлқожа қыркүйек қарсаңында мектеп тақырыбын қозғап, олардың сапасы туралы ойын айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі бастапқыда білім ордасының жарнамасына қызығып, екі перзентін де сонда ауыстырып жіберген. Алайда кейін бұл шешімі үшін өкініп қалған. Бір баласы мектепке үйренісе алмаса, екіншісінің сабағы мүлдем нашарлап кеткен.
"Қалайсыздар?! Мектепке дайындалып жатырсыздар ма?! Биыл мектеп формасын алуға, студенттерді шығарып салуға дым қолым тимеді. Келін алғаным да дұрыс болған екен! Былтыр бір мектепке IT мамандығы бар деп әрі бізге тегін болғаны үшін балаларды ауыстырып едік. "Арзанның сорпасы татымайды" болып қалдық.
Бір бала адаптациядан өте алмай, өзін таппай қалды! Біреуінің сабағы нашарлап, бір жылда үш сынып жетекшісі ауысты ғой. "Қой" деп қызды қайта баяғы мектебіне ауыстырдым. Жарнамасын жасатып алған соң, бағасы миллион бірдеңе деп шығады екен ғой иә бұл ақылы мектептер?! Бопты, бастысы баламыздың санасы, сауаты дұрыс болсын", - деп жазды әнші.