$ 478.96  533.03  5.22

Мейрамбек Бесбаев Түркияға ұшып кетті

Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. 

Фото: instagram.com/m_besbaev/
Фото: instagram.com/m_besbaev/

Танымал қазақстандық әнші Мейрамбек Беспаев Түркияның Ыстамбұл қаласына медициналық тексерістен өтуге кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. 

"Достар, Ыстамбұлдан сәлем! Денсаулыққа абайлаңыздар! Денсаулыққа байланысты қаралып тұратынымды білесіздер. Бүгін Ыстамбұл қаласына қаралуға келдім. Сіздерге де кеңес беремін! Денсаулықты күтіңіздер. Амандықта жолыққанша", - деп жазды ол. 

"МузАРТ" тобының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Беспаев соңғы уақытта жиі тексерістен өтіп жүргенін байқауға болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 57
Ұнамайды 6
Күлкілі 1
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары