Сондай-ақ жұлдызды жұп кезінде қол ұстасып жүруге ұялғандарын да жасырмады.
Танымал әнші Жазира Байырбекова отбасындағы ережелерін айтып, оқырмандарымен сырласты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі қандай істе де күйеуімен ақылдасатынын жасырмады.
“Отбасы құндылығын сақтаудың құпиясын сұрайды. Оның нақты формуласы жоқ қой. Мысалы мен үйленгенімізге 28 жыл өтсе де өз шешемді үйге әкелетін кезде Жанболаттан рұқсат сұраймын.Үйге қонақ шақыратын кезде, біреуге үлкен сыйлық жасайтын кезде, бір жаққа баратын кезде де солай. Ал қазіргі қоғам бұл әрекеттерім дұрыс емес дейді. Ненің дұрыс,ненің бұрыс екенін түсінбей қалдық, шыны керек" – деп жазды өнер иесі.
Сондай-ақ жұлдызды жұп кезінде қол ұстасып жүруге ұялғандарын да жасырмады.
“Бізді 28 жыл бұрын үйленген жұп деп кім айтады?! Жаңадан үйленгенде қол ұстасып жүре алмадық. “Ұят, масқара” деді ауылда. Қазір енді ұят емес шығар, иә?!”, – деп әзілдеді әнші.