Өнер иесі қыздарының киімдерін көрсетіп, арнайы тігілген ұлттық киім кигізді.
50 жасында екі қызды болған Баян Мақсатқызы қыздарына арнайы фотосессия жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі қыздарының киімдерін көрсетіп, арнайы тігілген ұлттық киім кигізді.
“Бүгін бізде Алмушаға арналған фотосессия, бірақ ол суретке түсуді қаламай тұрған сияқты. Көңіл-күйі жоқ. Біздің үшінші образ. Арнайы Алмуша үшін тігілген киім. Алмуша, жарайсың! Осымен үшінші образын кигізіп жатырмыз”, – деді продюсер.
Одан кейін қызының мінездерін де айтып өтті. Бірінші қызы Алиса 5 тамыз күні дүниеге келсе, екінші қызы Алма 19 тамызда дүние есігін ашты.
“Алмушамыздың мінезі қиындау болатын. Алғаш рет фотосессия жасайтын кезде қызым мазасызданып, фотосессияны кейінге қалдырып едік. Бүгін қызымды суретке түсіріп болған соң жұмысқа кетіп барамын. Алматыда ауа райы біртүрлі болып тұр екен", – деді Баян Мақсатқызы.