$ 494.87  520.65  4.91

«Жылап алдым»: Мөлдір Әуелбекова ұлының сөздерінен кейін көз жасына ерік берді (ВИДЕО)

Мөлдір Әуелбекова балаларымен түскен видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

Фото: @moldir.auyelbekova
Фото: @moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова желіде балаларымен түскен видеосын жариялап, елді тәнті етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі оқырмандарына ұлының әсерлі сөздерінен кейін жылап қалғанын да жеткізді.

"Қос қанатым! Салтайым 2 сыныпқа, Аққызым балабақшаға қадам басты! Балаларымыздың қадамдары нық, сәтті, берекелі болсын", - деп жазды эстрада жұлдызы.

Оған қоса әнші ұлы Салтаймен түскен суреттерін бөлісіп, баласының өзіне айтқан сөздерінен кейін көз жасына ерік бергенін айтты.

"Салтай бүгін "Анашым! Қарындасыма өзім қамқор боламын! Алаңдама!" деді! Жылап алдым", - деп жазды әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 21
Ұнамайды 5
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары