04.09.2024, 15:20

«40 жылға таяды»: Жеңіс Ысқақова актер Ғани Құлжановпен достығы туралы айтты (ВИДЕО)

Фото: Youtube

Екеумізді халық ажыратып, неше түрлі әңгіме айтқан. 

Танымал әнші Жеңіс Ысқақова қыз бен жігіттің арасындағы достықтың болатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі актер Ғани Құлжановпен қырық жылдан бері дос болып жүргенін айтты. 

“Ғани Құлжанов деген досымның үйіндемін. Менің 20 жыл бұрынғы концертіме шақыру билетімді сақтапты. “Әнім сен едің” деген шығармашылық кешімде шақырту жіберген болатынмын. Міне, нағыз достық! Ұаншама үй алмастырып, пәтер жалдап жүрсе де, қоқыс болып бір бұрышта қалмапты. Қыз бен Жігіттің достығы деген осы емес па?!”, – деп жазды әнші. 

Сонымен қатар өнер иесі досына қатысты түрлі өсекті естігенін айтып берді. 

“Менің үйімде Ғанидың бөлмесі бар. Астанада тұрғанымен, Алматыға жиі келеді. Сол кезде біздің үйге келіп, бөлмесінде демалады. Екеумізді халық ажыратып, неше түрлі әңгіме айтқан. Мені Ғаниды отбасынан ажыратып, қолына кіргізіп алды деп өсек таратқан. Ондай жағдайлар болған емес. Біздің қыз бен жігіт болған достығымыз қырық жылға таяды”, – деді өнер иесі.