Өнер иесі әсіресе той жүргізу кезінде жиі жалғыз отыратынын жасырмады.
Танымал актер Қайрат Әділгерейдің әйелі, әнші Бақыт Тұрман актердің жары болудың қиындығын айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі әсіресе той жүргізу кезінде жиі жалғыз отыратынын жасырмады.
“Әртістің, оның ішінде тойдағы асабаның әйелі болып тойға, кешке барғандағы кемшіліктерді айтып берейін. Әрдайым жалғыз отырасың, вальс билей алмайсың. Тойдан жалғыз қайтасың, өйткені ертерек кетесің. Фотоға да жалғыз түсесің. Оған қоса қалай жүргізеді екен деп қобалжып отырасың”, – деп жазды әнші.