Жігіттер, әйелдеріңе көмектесіңдер!
Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы тағы бір өнерімен қалың оқырманын тәнті етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол келіншегіне манты түюге көмектескен.
«Жігіттер, әйелдеріңе көмектесіңдер!», - дейді өзі.
Ал желі қолданушылары әншінің бұл қылығына риза болып, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.
«Адамгершілігіңіз бір төбе, өнеріңіз бір төбе, Заттыбек аға! Бихан батырыңыз өзіңіздей ел сыйлаған азамат болсын!», «Шымкенттің жігіттері андай, мындай дегендер көріңдер, Шымкенттің жігіттері қандай екенін!», «Жалпы күйеулері, әкелері көмектеспейтін әйелдерге жақпай жатқан сияқты бұл көрініс. Ұят ештеңесі жоқ. Ұят дегенді орынды-орынсыз әр жерге тықпалай бермеңдер», дейді жұрт.