06.09.2024, 06:30

«Күйеу баласының зәресін алды»: Абай Бегей 16 жасында тұрмысқа шыққан қызына терме арнады (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Танымайтын жат елдің шайын құйып, сызылды.

Танымал әнші Абай Бегей 18 жасқа толмай тұрмысқа шыққан қызына терме арнады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шоу-бизнес өкілі жастайынан келін атанған қызы мен күйеубаласын үйіне шақырып, қонақ қылған.

«Келін болған қызымды көріп, көңілім бұзылды

Танымайтын жат елдің шайын құйып, сызылды.

Көлегейлеп көзімді, көзімнен жасым үзілді,

Еркелігі үйдегі елес боп көзге ілінді.

Қызым отыр майысып, кең дастархан жайысып.

Қолы ұзарған құдағи отыр қою шай ішіп,

Құдамыз жүр қуанып, шайналып, бұралып.

Көбейгесін баласы екі отбасы құралып.

Мен отырмын мұздалып, елжіреп, сыздалып.

Өсірген гүлдей жайнатып, әкетті-ау ерте қызды алып,

Қызыма қимай қараймын, секілді шыққан арай күн

Сымбатым енді аман бол, бақтарыңды қалаймын», — деп Абай Бегей домбыра шертіп, шерін тарқатты.

«Қызына деген сағынышын осы бір әнмен жеткізді», «Термемен күйеу баласының зәресін алды», «Мына әнді тыңдаған күйеу баласы келгеніне өкініп кеткен шығар», «Абай Бегей Маңғыстаудың салтын ұмытыпты. Құдалық болмай, қызды үйге шақырмайды ғой», «Қызы баратын жеріне барғасын ән айтып не керегі бар» деп видеоны көрген желі қолданушылары жаза жөнелді.