$ 479.38  531.63  5.27

«Алла көтере алмайтын сынақ бермесін»: Жахан Отарғалиев әкесі жол апатына түскенін айтты

Бауырлар, шамалы ойланған дұрыс сияқты.  

instagram.com/zhahan.otargaliyev
instagram.com/zhahan.otargaliyev

Танымал шоумен, актер Жахан Отарғалиев әкесінің жол апатынан аман қалғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға Атырау-Орал тас жолының бойында болған. 

“Бауырлар, шамалы ойланған дұрыс сияқты. Өткен жұма күні таңда Атырау-Орал жолында болған жағдай. Сәл жәй жүрген дұрыс-ау. Такси айдап жүрген бауырлар, сіздерді де үйлеріңізде бала-шағаңыз күтіп отыр. Тым болмаса соларды да ойлаңыз. Әкем Алланың қалауымен аман қалды”, – деп жазды актер. 

Одан кейін әкесінің жағдайын айтып, аяғында ісік пайда болғанын айтты. 

“Әкемді қалаға алып келдім. Енді жәй-жәй қалыпқа келеміз. Бастысы, аман қалды. Әке-анамыз аман болсын! Оларға көтере алмайтын сынақ бермесін!”, – деп жазды шоумен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары