$ 494.87  520.65  4.91

«Мені бұған дайындаған жоқ»: Экс-депутат Асқар Садықовтың әнші қызы алғаш рет пікір білдірді

Қудалау мен қаралауды басынан өткеріп жатқан адам үшін бұл оқиға – қатты күйзеліс. 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Харассмент жасап, мандатынан айырылған экс-депутат Асқар Садықовтың қызы, әнші Dequine алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Соңғы күндері жаңалықты естіп жатқан шығарсыздар?! Әкем Асқар Садық жұмысынан қудалауға ұшырады. Жұрт алдында айыптап, қызметінен босатты. Мен де бұл жағдайға қатты таңғалдым. Шынымды айтсам, не дерімді білмеймін. Мұндай жағдайда не істерімді, кімге сенетінімді және қалай әрекет ету керегін білмеймін. Өмір мені бұған дайындаған жоқ еді. Қудалау мен қаралауды басынан өткеріп жатқан адам үшін бұл оқиға – қатты күйзеліс. Бұл жағдай менің өмірімдегі екі басты құндылыққа әсер етті: менің отбасым және әйел құқығы. Мен бірнеше жыл бұрын қудалау мен зорлық-зомбылықтың барлық түріне қарсы шығатынымды айттым. Әлі де сол пікірде қаламын. Мен зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсымын. Қиын кезеңде мені қолдап, жанашырлық танытқандардың барлығына рақмет! Сіздердің қолдауларыңыз мен үшін баға жетпес», – деп жазды Данеля Садық желідегі парақшасында.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Ол харрасмент фактілерін жоққа шығарып отырған жоқ»: «Ақ жол» партиясы Асқар Садықовқа жаңа айып тақты

Еске салсақ, Dequine лақап атымен танылған жас әнші Мәжіліс депутаты болған Асқар Садықтың қызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары