$ 494.87  520.65  4.91

«Оны ешкім білмейді»: Мәдина Ералиеваның күйеубаласы әншінің соңғы сөзін айтты

Бір қарасақ, көлік алға кетті де, шана сияқты сай жаққа аунап түсті. Темір жәшіктің ішіне салып, біреу аунатып жібергендей болды. Айналып барып, тарс етіп тоқтады. 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Қазақстанның мәдениет тарихында аты қалған әнші Мәдина Ералиева жол апатынан қаза тапқан еді. Арада 20 жыл өткенде әншінің күйеу баласы Оралбай Әбдіқадыр жол апатының қалай болғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол «Астарлы ақиқат» бағдарламасында баяндады.

«Мен сол күнгі оқиғаны ғана қысқаша айтып берейін. 27 қарашада Қазалыдан шықтық. Аудан әкімінің үйіне қонаққа келіп, содан бәріміз шыққан едік. Жаңбыр жауып тұрған жоқ, бірақ жердің беті мұз еді. Аудан орталығының МАИ басшысы «Бауырым, сен рөлге отыр» деді. Қасымда Болат пен Мәдина бар. Көлікте үш адам болдық. Мәдина «Кешке дейін мен өзім айдап барайын, одан кейін екеуің кезектесіп айдайсыңдар» деді. Қарсы болғанымызға қарамай, өзі отырды. Жол бойы тек өзінің ғана әндерін қайта-қайта тыңдап отырды.  Мен артқы орындықта отырдым. Сағатқа қарасам, түнгі 2:20 болыпты. Шамамен 20 километрдей жүрдік. Көліктің іші жылы, ән тыңдап отырып, көзім ілініп кетіпті. Мәдина мен Болат әңгімелесіп отырған. Бір кезде жолдың ойық тұсы ғой деймін, көлік дірілдеп кетті. Жер шаң болып жатыр екен. Содан әрі қарай жүрдік. Жоғары жылдамдықпен келе жатыр екен. Бір қарасақ, көлік алға кетті де, шана сияқты сай жаққа аунап түсті. Темір жәшіктің ішіне салып, біреу аунатып жібергендей болды. «Мынау қашан тоқтайды» деп ойладым. Айналып барып, тарс етіп тоқтады. Әуен ойнап тұр, әйнектің бәрі сынған. Тек мен жақтағы кішкентай әйнек сынбапты. Көлікте Мәдина жоқ. Белдік тақпаған. Көлік айналған кезде түсіп қалған ба, оны ешкім білмейді. Айналаны қарасақ, қырлау жерде жатыр екен. Екеуміз жүгіріп келдік. Жүрек соғысы бар екен, дереу көлік тоқтатайық деп ойладық. Дереу жолға шықсам, жасыл түсті Жигули кетіп бара жатыр екен. Жағдайды түсіндірдік те, Мадинаны салонға жатқыздық. «Сен мына заттарды қарап отыр, кейін адамдар жіберемін» деді. Кейін Болат «Мәдина «қара, балама қара» деген бір-ақ сөз айтты» деді. Сондай жазатайым жағдай болды», – деді Мәдина Ералиеваның күйеу баласы Оралбай Әбдіқадыр қайғылы жағдайды еске алып.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары