07.09.2024, 06:30

«Жаңа отауымның төрінде жарқырап тұрады»: Мөлдір Әуелбекова жасауын көрсетті (ВИДЕО)

Видеодан кадр: instagram.com/moldir.auyelbekova

Мөлдір Әуелбекова Instagram-дағы парақшасында жасауын көрсетіп, көпшілікті қатты таңғалдырды.

Әнші Мөлдір Әуелбекова желіде көпшілікке жасауын көрсетіп, елді ойландырып қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мөлдір Әуелбекова Instagram-дағы парақшасында жасауын көрсетіп, көпшілікті қатты таңғалдырды. Өнер иесі ерекше дизайнда жасатқан көрпелері жаңа отауының төрінде тұратынын жазды.

"Бұйырса, осы жап-жаңа, өте әдемі, премиум сапада жасауым жаңа отауымның төрінде жарқырап тұрады! Құттықтап қойыңыздар", - деп жазды әнші.