$ 494.87  520.65  4.91

«Баласы бар келіншекке үйлен»: Жахан Отарғалиевке анасы ешкім күтпеген кеңес айтты (ВИДЕО)

Бала деген еш уақытта саған масыл болмайды. 

Фото: instagram.com/zhahan.otargaliyev
Фото: instagram.com/zhahan.otargaliyev

Белгілі актер, шоумен Жахан Отарғалиевке анасы ешкім күтпеген кеңес айтып, ойландырып қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бәлен жылдан бері қиналып жүргеніңді білемін, менің ақылымды дұрыстап тыңда. Ешкімге айтқың келмейтінін, жан-жақтағы туыстарға білдіргің келмейтінін де білемін. Мен бәрін де түсінемін. Өйткені сенің анаңмын. Сен дұрысы баласы бар келіншекке үйленші. Баланың еш кінәсі жоқ. Саған ол өз балаңдай болып кетеді. Бала деген еш уақытта саған масыл болмайды. Бала – деген бақыт. Баланың артынан бала ілеседі. Осы туралы ойланып көр. Сен айтпағанмен мен бәрін де жүрегіммен сеземін. Себебі мен – анамын», - деді актердің анасы.

Сондай-ақ, актер анасы айтқан кеңесті орынды санайтынын айтты.

«Анам дұрыс айтатын сияқты, сіз қалай ойлайсыз?», - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 23
Ұнамайды 6
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары