Ажарлымыздың туған күнін алдын ала жоспарлай алмадық.
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Тамара Асардың қызы үш жасқа толды. Өнер иесі желіде перзентінің туған күнін қалай атап өткенін көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тамара Асар қызының туған күнін аяқ-асты ұйымдастырып, жақындарын небәрі 2-3 сағат қалғанда шақырғанын айтты. Өнер иесі жолдасы екекуі жұмыспен қарбаласып, бұл кешті алдын ала жоспарлай алмағанын жеткізді.
Ерлі-зайыпты елордадағы қымбат мейрамханалардың бірінде ет-жақындары мен отбасылық достарының басын қосқан.
«Сыйға сый сыраға бал. Бапасы солтүстікте, мен батысқа мұнайшылар мерекесімен жолда болғасын, Ажарлымыздың туған күнін алдын ала жоспарлай алмадық. Бас аяғы 2-3 сағат қалғанда Астанадағы отбасылық дос-жақындарға телефон шала қойып едік. Бәрі бір ауыздан келе қалды. «Ертерек неге айтпадыңдар?» деп бөтен өкпе айтпастан, шақырғанда жүгіріп келе қоюдың өзі бір бөлек қуаныш екен. Рахмет ниеттеріңізге тілекшілеріміз. Сіздердің де 24/7 іздесеңіздер, шақырсаңыздар келе қалатын дос-жаран, туыстарыңыз болсын», – деп жазды Тамара Асар.