$ 484.11  528.79  5.03

«Бұны білсем ешқашан тұрмыс құрмас едім»: Блогер ішкілікке салынған енесінен қорлық көргенін айтты (ВИДЕО)

Ал ашуға булыққан енесі келін адал болса, осының барлығын айтпас еді, деп ренжіді.

Фото: iliyaasova_d инстаграм парақшасынан
Фото: iliyaasova_d инстаграм парақшасынан

Желіде «Доня» есімімен таныс блогер Аружан Бауыржанқызы отбасының ойран болуына енесін кінәлайды. Айтуынша, енесі ішкілікке салынып келіні мен баласына балағат сөздер айтып, үйден қуған екен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Инстаграмда күліп-ойнап жүргеніммен әр күн сайын жылайтынмын. Мені сағат сегізде пижамамен арық алып кел деп далаға шығарып жіберді. Осындай ішкілікке салынған отбасыға келін болып түсетінімді білсем, ешқашан тұрмыс құрмас едім», дейді «Астарлы ақиқат» бағдарламасында басынан өткенін баяндап берген блогер.

Ал ашуға булыққан енесі келін адал болса, осының барлығын айтпас еді, деп ренжіді.

«Мен әйел таңдаудан қателестім. Анам оны ерте тұрғызып ешқашан қинамаған. Шүкір, жұмысым бар. Ал ол мен өліп қалып жатсам менің баламды әрі қарай асырауы керек. Бірақ ол білім де алмаған», дейді кейіпкердің күйеуі.

«Енесі алқаш болса, мынадай үйде тұра ма?», «Әртіс қыз ғой», «Жас қыздың өмірін құртты», «Блогер келіннен сақтасын», «Арақ ішкен үйде береке жоқ», «Әр үйдің өз құписы бар», деп желі қолданушылары түрлі пікір жазуда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 31
Күлкілі 7
Ашулы 9

Серіктес жаңалықтары