09.09.2024, 16:20

Атышулы блогер Мұрат Әбділдә бостандыққа шықты (ВИДЕО)

Фото: видеоскриншот

Ол бостандыққа шыға сала анасымен қауышты. 

Әлеуметтік желі арқылы танылып, әуесқой әнші атанған Мұрат Әбділда бостандыққа шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Блогердің адвокаты Молдахан Әділетхан әншінің анасымен қауышқанын айтты. 

“Алматы-Шымкент бағытына ұштық. Мұрат Әблділданы шығарып аламыз”, – деді заңгер жеке парақшасында. 

Сонымен қатар желі жұлдызын күтіп алуға анасы мен “Миллион” командасының жігіттері келген. 

“Мен – Мұрат Әбділда. 2024 жылдың 9 қыркүйегінде бостандыққа шықтым”, – деді блогер-әнші.