$ 478.93  534.96  5.16

«Кинодан екеуміз ғана қалдық»: Меруерт Өтекешова мен Асанәлі Әшімов елді сүйсінтті

Қос жұлдыздың видеосы Instagram желісінде жарияланды.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде "Қыз Жібек" фильмінде басты рөлдерді ойнаған Меруерт Өтекешова мен Асанәлі Әшімовтің видеосы тарады. Желідегілер Қыз Жібек пен Бекежанды сомдаған актерлерге тәнті болды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қос жұлдыздың видеосы Instagram желісінде жарияланды. Онда Меруерт Өтекешова мен Асанәлі Әшімовтің құшақтасып тұрғанын көруге болады.

"Тарихи сәт. Қыз Жібек пен Бекежан кездесті. Кинодан екеуміз ғана қалдық деп тұр. Қандай керемет сәт", - деді видео авторы.

Желі қолданушылары Қыз Жібек пен Бекежанға тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірді.

"Әдеттегідей, Төлеген жоқта Бекежан пайда бола қалады", "Қандай керемет сәт", "Аңыз кісілер ғой. Аман жүріңіздер", "Қандай керемет жандар", "Керемет көрініс", "Денсаулықтарыңыз мықты болсын. Осы кіселердің киноларын көріп өстік", "Шынымен кинодан екеуі ғана қалды. Аман болыңыздаршы", - деп жазуда көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 44
Ұнамайды 0
Күлкілі 4
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары