$ 492.14  528.85  5.01

«Ешкім періште емес»: Көпшілік Мақпал Жүнісоваға қолдау білдірді

Мақпал Жүнісовадан қайраткер, я ибалы нәзік әйел бейнесін көргісі келетін адам оңбай қателеседі.

Фото: Армангүл Тоқтамұраттың Facebook парақшасынан
Фото: Армангүл Тоқтамұраттың Facebook парақшасынан

Кеше таңғы уақытта әнші Мақпал Жүнісова өзін жек көретіндерге үндеу жасап, жан сырын ақтарған еді. Ал Халық әртісі кеше таңда жариялаған видеосындағы сөздеріне қатысты халықтан кешірім сұрады. Әншінің желіге жариялаған видеосын көрген көпшілік оған қолдау білдіруде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәселен, ақын Ықылас Ожайұлы Мақпалды «қазаққа бере салған Құдайға мың мадақ» жаудырды.

«Мақпал Жүнісовадан қайраткер, я ибалы нәзік әйел бейнесін көргісі келетін адам оңбай қателеседі. Ол бар болғаны кісі кейпіне ұласқан әннің өзі ғана. Оның түйеден түскендей сөйлей салатын, басы бар да аяғы жоқ орашолақ ойы – ескен желдей ерке әншінің ақжелең көңілі мен ішкі табиғатының нышаны.

Мақпал – ішкі еркіндік пен сана бостандығына шын көтерілген адам. Оның тік шапшыған байтақ дауысы мен әр нотаны сорғалатқан нәзік дірілі сопының хал ішіндегі бейне бір дәргейі дерсің. Мақпал сыйлайтын рухани ләззат мінәжат пен катарсиске пар.  Әнді мәтіндік  әм ноталық шеңберден шығарып,  мантра мен экстаз деңгейіне дейін жеткізген мұндай өнерпазды бұрын-соңды еш жерден естіген емеспін. Сол үшін де Мақпалды қазаққа бере салған Құдайға мың мадағымды жаудырамын...», – деп жазды ақын желідегі парақшасында.

Бұл ретте танымал тележүргізуші Армангүл Тоқтамұрат әншіні даттап жатқандарға ой салды.  

«Әр адамның ішінде бір мұңы, жан жарасы бар. Ауыртпалығы бар. Сынып кететін кездері де болады. Өмірдің барлық қиындығын көтеріп жүру жалғыз әйел адамға оңай емес. Сондықтан, Мақпал апамызды сөгіп, табалап жатқан жандарға, Сіздің өміріңізде қиын, жылайтын, шаршайтын кездер болмай ма деп сұрағым келеді. Ешкім періште емес. Мақпал Жүнісова аңыз адам. Солай болып қала береді.

Сөз соңы, қорлайтын емес, қолдайтын қоғам болайықшы», – деді ол.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Мен мас емеспін»: Мақпал Жүнісова өзін жек көретіндерге үндеу жасап, жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

 «Басымды қатырмаңдар»: Мақпал Жүнісова бүгінгі әрекетіне қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

Жалпы, әлеуметтік желіде Мақпал Жүсінованың әрекетіне қатысты пікір білдіріп, адамгершілік танытушылардың қарасы қалың.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 40
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары