11.09.2024, 06:30

«Нағыз бақыттың не екенін түсінбеппін»: Ерке Есмахан бойдақ кездерін еске алды

Фото: instagram.com/erkeesmahan

Нағыз бақыт - ішкі тыныштық...

Әнші Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында бақытты болудың құпиясын бөлісті. Ол басы бос кезін есіне алып, ел алдында жүрген сәттерін сағынатынын жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Бір кездері мен көп жұмыс істеп, талай ұшып-қонып, еш жерден қалмай, жарқ-жұрқ еткен орталарда жүріп, назардың бәрі менде, керім, күштімін, «Осы – менің бақытым!» дейтінмін. Сөйтсем, қазір тіпті үйден шықпай, ешкіммен жағаласпай, нағыз бақыттың не екенін түсінгендеймін. Нағыз бақыт – ішкі тыныштық… Шүкір! Сіздерде қалай?", – деп оқырманына ой тастады әнші.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, дәл қазіргі бақытты сәтін бөлісіп жатыр. Көбінің пікірі әншінікімен үйлеседі. Сол сияқты отбасы бақытын сезінгісі келетіндер басым екен.