11.09.2024, 18:00

«Маған тұрмысқа шығасың ба?»: Актриса Жанел Мақажан ел күтпеген жаңалығымен бөлісті

Фото: instagram.com/janellemakajan

Енді қолыңа нағыз жарасатын сақина сыйлайтын уақыт келді деп ойлаймын, өзің армандаған брендтен жүзік. 

Танымал актриса, блогер Жанел Мақажанның күйеуі Абай Асылхан өнер иесіне үйленуге ұсыныс жасауға сақинаны ломбардтан алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

"Құрметті достар! Бүгін біздің отау құрғанымызға 3 жыл толды. Жаным, мен сені құттықтаймын. Сен менің аманатымсың. Осыдан 3 жыл бұрын саған сөз салған кезде мен негізі сақинаны ломбардтан сатып алған едім. Өйткені ақшам болған жоқ, шынымды айтайын. Мен ол кезде жұмыссыз болдым. Енді қолыңа нағыз жарасатын сақина сыйлайтын уақыт келді деп ойлаймын, өзің армандаған брендтен жүзік. Маған тағы да тұрмысқа шығасың ба?" - деді Абай Асылхан.