$ 494.87  520.65  4.91

«Тұқымың тұздай құрысын»: Айнұр Тұрсынбаева «қарғыс» айтқыштарды сөз етті

Бір-ақ ауыз сөздің кесірінен қанша отбасы ажырасып кетіп жатыр, қанша адам ішіп кетеді, қанша адам өсіп кетеді, қанша адам өшіп кетеді.

Фото: aidyn_nury инстаграм парақшасынан
Фото: aidyn_nury инстаграм парақшасынан

Айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева  сөз құдіретіне қатысты ойын айтты. Оның айтуынша, сөз адамның санасына, өзін қабылдауына әсер етпей қоймайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақынның пайымдауынша, бір ауыз сөз адамның тағдырын өзгертуі мүмкін.

Ол сөз құдыреті туралы әңгіме қозғап, 35 жасқа жеткенше тұрмыс құрмаған қыздың оқиғасын баяндады.

«Жуырда қабылдауыма жас қыз келген болатын. Тұрмысқа шықпаған деп айтайын. Жасы 35-те. Ол қыздан сұрадым: «Тұрмысқа шыққың келе ме?» деп. Ол: «Мен тұрмысқа шықпайтынымды анық білемін» деді. «Қайдан білесің?» десем, әжем маған: «Сені бай да алмайды, Құдай да алмайды» деп айтқан болатын» дейді. Былай қарап тұрсақ, бір-ақ ауыз сөз. Адам соны өзіне қабылдап тұр. Сол сияқты білесіздер иә, бір-ақ ауыз сөздің кесірінен қанша отбасы ажырасып кетіп жатыр, қанша адам ішіп кетеді, қанша адам өсіп кетеді, қанша адам өшіп кетеді. Бір-ақ ауыз сөз көбінесе сіздің өміріңіздің астан-кестеңін шығарып жіберуге жеткілікті. Сол сияқты кішкентай кезіңізде сіз естіген «бай болғанша басың аман болсын» деген сөздің өзі де сізге өмір бақи әсер етуі мүмкін немесе «тұқымың тұздай құрысын» деп айта салатын ауыр сөздер бар. Ол да сіздің өміріңізге әсер етуі мүмкін. Сіз дәл қазір ойланып, қарап көріңізші, сіздің өміріңізге ең қатты әсер еткен кімнің сөзі? Осыны ойлап көріңіз. Сіз өз проблемаларыңызды жайлап тауып аласыз», – деді ақын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 21
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары