$ 484.11  528.79  5.03

«Екі айда үш рет ота жасады»: Жахан Отарғалиев басынан өткен ауыр күндерін есіне алды

Өнер иесі Түркияның Ыстамбұл қаласына барып, емделіп келді. 

Фото: instagram.com/zhahan_utargaliyev/
Фото: instagram.com/zhahan_utargaliyev/

Танымал актер, шоумен Жахан Отарғалиев ауыр дертке шалдыққан күнін есіне алып, жазба қалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“2023 жылдың қыркүйегінде маған хейт жауды. Сөз сүйектен өтеді деген рас екен. Ауруханадан бір-ақ шықтым. Екі айда үш рет ота жасалды. Сол кезде-ақ денсаулықтың қадірін түсіндім. Кез келген сынақ текке келмейді. Өзінің айтары бар сияқты деп ойлаймын. Наркоздан ояна сала, жылап қалдым. Көзімді ашсам, айналамда ешкім жоқ. Жалғыз қалғанымды сол кезде түсіндім. Одан кейін ота нәтижесін бір апта күту керек болды. Қатерлі ісіктің екі түріне күдік болған еді. Стресс осы кезде басталды. Нәтижесінде ешқандай қауіп жоқ болды”,– деді актер.

Сондай-ақ өзін қаралаған адамдарға да үндеу жасап, қарғыс айтқан жандарға тоқталды. 

“Адам бәріне шыдайды екен. Өтірік жылай береміз. Алла көтере алатын сынақ береді екен. Ал қазір өткен күндерді күліп еске алып отырмыз. Не деген жаман сөздер естіп едім. Бірақ ол білмегендіктен айтты. Сол үшін мән бермедім. Бәрінен де анама қатты тиді. Анам оқып алып, жылап қалды. Сол кезде не істерімді білмедім. Ең жаманы жақынамнан: “Жахан TikTok-тан басқа ештеңеге түсе алмайды” деген сөзі қатты ауыр тиді. Бірақ сол менің орнымнан тұруыма көмектесті. Сол сөзді айтқан жанға мың алғыс! Жахан әлі Оскар алады. Күле бер, сол күні мен де күлемін”, – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 19
Ұнамайды 4
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары