$ 478.96  533.03  5.22

«Қандай қырағы»: Димаш Құдайберген құлап бара жатқан мобилографты құтқарып қалды (ВИДЕО)

Оның әншілігі мен талантына сөз жоқ, бірақ оның адамгершілігі бір бөлек әлем.

Фото: видеоскриншот
Фото: видеоскриншот

Елордада 13-14 кыркүйекте "Астана Арена" стадионында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің концерті өтіп, оған шет елдерден мыңдаған жанкүйер жиналды. Концерт кезінде желі қолданушыларының назарын аударған ерекше сәт видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеоны жариялаған Нұрасыл Бектұрғанов есімді мобилограф Instagram-дағы парақшасында өзінің желіде хит болып жатқанын жазған. Кадрлардан әншінің камераға түсіріп жүрген оператордың сахна шетінде тұрып құлап бара жатқанын байқап қол ұшын созғанын көруге болады. Құлап кететінін аңғармаған мобилограф осы сәт түсірілген видеоны жариялап былай деп жазған: "Оның әншілігі мен талантына сөз жоқ, бірақ оның адамгершілігі бір бөлек әлем".

Желі қолданушылар Димаштың бұл әрекетіне сүйсініп, видео астына жақсы тілектерін қалдырған. "Қандай қырағы", "Димашның көзі қыранның көзіндей, періште сынды жігітті оқыс жағдайдан құтқарды", - деп жазды пікір қалдырушылар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары