17.09.2024, 12:40

«Шақырып алып «пасылать» етіп отырғандары тіпті, масқара!»: Жеңіс Ысқақова Ақбота Керімбековаға қолдау білдірді

Коллаж: Sn.kz

Басың бар, жасың бар демей, өз ұлтымыздың арналарында да қара тізімге енген кездер де болған. Ал дәл мынадай Ресейлік арналардағы жобалардың көшірмесін қойғаны үшін әйдік боп жүрген самозванец медиагруптар мемлекет қаржысынан миллиондап ақша алады, сосын танымал адамдарды пайдаланып, отчетін жабады.

Танымал әнші, қазақ эстрадасының жұлдызы Жеңіс Ысқақова күні кеше ұлттық арнамен сөзге келген Ақбота Керімбекова қолдау білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол отандық арналар әншілерді осылай қара тізімге жіберетіні туралы айтты.

 «Ақботажанның жанайқайы мені бей-жай қалдырмады, айтып отырғаны дұрыс та, әрі тереңдеп кеткен мәселе. Оның ашынып отырғаны — құрметсіздік! Өздері шақыруын шақырып алып «пасылать» етіп отырғандары тіпті, масқара! Ол аз болғандай, жағдайдың мән-жәйін дұрыс түсінбей айтылып жатқан пікірлерді оқып, тағы қарным ашты. Қазір эфирдің емес, интернеттің заманы. Солай бола тұра алтын уақытын қиып, үлкенмін демей, жоба ұсынысын құп алып барып тұрғанда жасағаны осы болса, Ақботадан осындай үндеуден басқа не әрекет күтуге болады?!

Біз де мұндайдың талайын көрдік. Басың бар, жасың бар демей, өз ұлтымыздың арналарында да қара тізімге енген кездер де болған. Ал дәл мынадай Ресейлік арналардағы жобалардың көшірмесін қойғаны үшін әйдік боп жүрген самозванец медиагруптар мемлекет қаржысынан миллиондап ақша алады. Сосын танымал адамдарды пайдаланып, отчетін жабады. Ал сол жобада Ресей, Украинадан келген режиссерлардың шешімімен «ит бол» десе, ит болып, «мысық бол» десе, мысық болып жүрген қолбала әртістер баяғы қазақшылықпен көк тиын алмай, өз тыңдармандарына жек көрінішті болып қала береді. Сондағы еститін сөзіміз осындай ма?!

Сондықтан Мен Динара Адам жазба түрде өткен-кеткенді айтып, типа дос екендігін дәлелдегенше, көп алдында Ақботадан кешірім сұрағаны жөн деп ойлаймын. Тағы айтайын дегенім, жалпы әрбір телевизиялық түсірілімдер мен концерттер қатысушыларға қаламақы төлей бастау керек. Сол кезде бәрі әділетті болады», — деп жазды әнші желідегі парақшасында.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

«Уходи на х*р из этого проекта». Ақбота Керімбекова Ұлттық арнаның продюсерінің үстінен шағымданды

«Qazaqstan» телеарнасы әнші Ақбота Керімбекованың шағымына байланысты жауап берді