18.09.2024, 12:40

«Күтіп жүрміз»: Димаш Құдайбергеннің ата-анасы болашақ келіні туралы сөз қозғады

Фото: Pixabay

"Қандай келініңіз болғанын қалайсыз" деген сұраққа анасы жауап берді.

Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында болашақ келіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қазақта адал сүт емген бала болса деп бір ауыз сөзбен айтып кеткен ғой. Сондай адам жолықса дейміз. Болған сәтте, қуанамыз. Келінімізді күтіп жүрміз. Өзінің бір сәті болар деп ойлаймыз. Тағдырдың қай күні сый тартатынын білмейміз. Жақсы жаңалық болса, бөлісеміз", – деді ол.