$ 478.96  533.03  5.22

Белгілі қазақстандық әнші ұлды болды

Қолымыздан келді. Кеше ұлымыз дүниеге келді!

Фото: instagram.com/_zhangalova
Фото: instagram.com/_zhangalova

Ninety one тобындағы Alem әке атанды. Бұл жаңалықты әншінің келіншегі Вероника Жанғалова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Біздің қолымыздан келді. Кеше ұлымыз өмірге келді», - деп жазды ол.

Желі қолданушылары мен топтың жанкүйерлері құттықтап, пікір қалдырған. 

"Бауы берік болсын!" "Өзім туғандай мәз болып отырмын", "Құтты болсын!" "Анасы тез қалпына келсін", "Кеше ғана өзім кішкентай жанкүйер едім, бүгін Alem-нің әке атанғанын көріп жатырмын. Неткен бақыт десеңші. Бақытты болыңыздар! Иглз сіздер үшін қуанышты! Бауы берік болсын!" - деп жазған олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары