19.09.2024, 13:40

Махмұд Сабырхан өз тойында Қайрат Нұртаспен бидің түбін түсірді (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған

Боксшы қыркүйектің басында Назым есімді қызға үйленді.

Боксшы, әлем чемпионы Махмұд Сабырхан шаңырақ көтеріп, өз тойында Қайрат Нұртаспен биледі, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде боксшының тойында түсірілген фото-видео материалдар жарияланды. Онда тойға көп адам жиналғанын, боксшының Қайрат Нұртастың әніне билеп жүргенін көрінеді.

Еске салсақ, Махмұд Сабырхан қыркүйектің басында Назым есімді қызға үйленді.