Операция жасалмайды деп айтылды.
Танымал актер Мұрат Бисембин обыр ауруына шалдыққан. Бұл туралы актер Саят Исембаев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Операция жасалмайды деп айтылды. Диагноз 3,5 ай бұрын қойылған. Алғашқы кездері тек ауруханаға жатып жүрдім, инфекция шығар деп ойладым, себебі лоқсыдым. Артынша бір нәрсе дұрыс емес екенін түсіндім. Сап-сары болып кеттім. Кейіннен мені Сызғанов атындға хирургия орталығына ауыстырды. Себебі қатерлі диагнозды расталды", - дейді Мұрат Бисембиннің өзі Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Бисембин жергілікті онкоорталықтарда химиотерапия курсынан өткен. Алайда жақындары оған шетелде емделіп келу керегін айтқан.