21.09.2024, 04:30

«Ауырмаңыздар»: Ауыр дертке шалдыққан танымал актер қолдау білдірген халқына алғыс айтты (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Ол қатерлі ісікке шалдыққан. 

Қатерлі ісікке шалдыққан актер Мұрат Бисембин қолдау білдіріп жатқан қазақстандықтарға алғыс айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мұрат Бисембин "Рэкетир" фильміндегі басты рөлдердің бірін сомдаған болатын.

– Сәлем. Баршаңызға көп рақмет айтқым келеді. Сіздерге тек жақсылық тілеймін. Сіздерге, отбасыларыңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін көп рақмет! Баршаңызға мықты денсаулық тілеймін. Ауырмаңыздар, мен де тезірек жазылуға тырысамын, – деді Мұрат Бисембин.

Актердің қатерлі ісікке шалдыққанын әріптесі Саят Исембаев хабарлаған еді.

– Сіздерден көмек керек. Әріптесіміз ауыр дертке шалдықты. Онкология. Қазір емделіп жатыр. Рухы жанышталған жоқ, – дейді Саят Исембаев.