23.09.2024, 13:40

Ұланғасыр Қамиев қазақ спортшысына елдің көзінше 1 миллион теңге берді (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған

Жекпе-жек алдында эстрада әншісі Ұланғасыр Қамиев спортшы Дәулет Өсербайға қарсыласынан басым түссе, 1 миллион теңге беремін деп уәде берген.

22 қыркүйекте Алматыда өткен NAIZA 67 турнирінде жеңіс жеткен Дәулет Өсербайға әнші Ұланғасыр Қамиев 1 миллион теңге берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматыда өткен NAIZA 67 турнирінде қазақстандық спортшы әрі актер Дәулет Өсербай Иран файтері Пахлаван Даудты қылқындыру әдісі арқылы жеңді. Жекпе-жек алдында эстрада әншісі Ұланғасыр Қамиев спортшы Дәулет Өсербайға қарсыласынан басым түссе, 1 миллион теңге беремін деп уәде берген. 

 Жекпе-жек аяқталғаннан кейін Ұланғасыр Қамиев сөзінде тұрып, елдің көзінше ақшасын мобильді қосымша арқылы Дәулетке аударып берді.

Сұхбатында “Көкжал” жекпе-жек алдында алған жарақаты, дайындығы және рух беретін “Жалғызым қазақ” әні туралы айтып берді.