Шіркін, Мақпал сияқты аңқылдақтар да бара-бара таусыла ма, деп қорқам...
Танымал блогер, журналист Мөлдір Анарбаева Мақпал Жүнісованы сөккендер үн қатты. Ол әншіні жақтап, оның адамгершілігі туралы әңгіме қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Блогер бұл туралы желідегі парақшасында сөз етті.
«Соңғы кезде әңгіме айтатын адам азайды. Телефон арқылы көріп отырамыз деп хәл де сұраспайтын болдық. Шіркін, Мақпал сияқты аңқылдақтар да бара-бара таусыла ма, деп қорқам... Енді аз жылда қабағымыз қату, бір бағытқа түскен, өзіміз қатал, кейде бір сүрінсек өзімізді-өзіміз жазалап тастайтын тас жүрек боламыз ба… Ал Мақпал шын адам. Кім не десе де мен үшін ешқандай құрметі құламады. Мені танымай-ақ қойсын, сонда да сыртынан тілекшімін, әттең көршісі емеспін…», — деп жазды журналист.