$ 479.23  534.96  5.16

Баян Мақсатқызы журналист Дана Орманбаеваны сотта жеңіп шықты

Тараптар Орманбаеваның әлеуметтік желілерде бұл ақпаратты таратқанын мойындады, бірақ оның Алагөзоваға қатысы жоқ деген уәжі расталмады.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

 

Алматы қалалық сотында продюсер әрі блогер Баян Алагөзованың журналист Дана Орманбаеваға қарсы жазған шағымы қаралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін Дана Орманбаева әлеуметтік желілерде Баян Алагөзоваға қатысты бірқатар ақпарат таратқан болатын. Осыған орай, продюсер Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына арыз жазып, Орманбаеваның Instagram және Telegram парақшаларында тараған мәліметтерді жоққа шығаруды және моральдық шығын ретінде 2 миллион теңге өндіріп беруді талап етті.

Журналист Дана Орманбаева өз кезегінде жариялаған ақпараттарының шындыққа жанасатынын және бұл тек пікір екенін айтып, айыптауды мойындамады.

Сот отырысында филологиялық-лингвистикалық сараптама нәтижесі бойынша, жауапкер таратқан ақпараттардың шындыққа сәйкес келмеген жағдайда, талапкердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретіні анықталған. Соттың мәлімдемесіне сәйкес, тараптар Орманбаеваның әлеуметтік желілерде бұл ақпаратты таратқанын мойындады, бірақ оның Алагөзоваға қатысы жоқ деген уәжі расталмады.

Сот істің мән-жайын және сараптама қорытындысын ескере отырып, продюсердің шағымын ішінара қанағаттандырып, журналистке таратқан ақпараттарын жоққа шығаруға және моральдық шығын ретінде 500 мың теңге төлеуге міндеттеді. Алайда, бұл шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары