Қырық жыл бойы қазақтың айтыс өнерінің басы-қасында жүрген, жыр додаларының қара нары атанған Жүрсін ағамыз аман болсын!
Президенттің кеңесшісі және баспасөз хатшысы Берік Уәли ақын Жүрсін Ерманмен кездесті. Бұл туралы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, ақынмен бірге түскен фотоларын жүктеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Ұлттық өнердің кең жүректі жанашыры, ақын Жүрсін Ерман ағамызбен кездесіп, мәдениет пен руханият тақырыптарында пікір алмастық. Ауырып қалғанында алаңдап қалған едік, кейінгі кезде республикалық айтыстардың төрінен көрініп, қуантып жүр. Қырық жыл бойы қазақтың айтыс өнерінің басы-қасында жүрген, жыр додаларының қара нары атанған Жүрсін ағамыз аман болсын!", - деп жазды ол.