Екеуміз барып, 100 мың теңгеге сатып алып едік...
ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова Алматы қаласына гастролдік сапармен келген қызылордалықтардың концертіне барып, өкпелеп қайтқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Қызылордалықтар, концерттеріңіз керемет өтті. Тойға асығып кетіп қалдық. Сіздерге әкелген ықылас гүлі сахнаға шықпай қалды. Соған кішкене өкпелеп қалдым. Әкімнің гүлін ғана сахнаға жіберіп, менікін бермей алып қалыпты. Естіп жатырмыз. Режиссердің шешімі екен. Мені құр қол келді деп ойлап қалмаңыздар! Бауыржан – куәгер. Екеуміз барып, 100 мың теңгеге сатып алып едік», – деп жазды халық әртісі.
Желі қолданушылары әншінің ақжарма ниетіне ризашылықтарын білдіріп жатыр.
«Мақпал апай, гүліңізді көрдік. Бірақ сахнаға шықпады», «Қызғанған адам сияқты ұят тірлік жасапты», «Тіл көзден аман бол!» десті көпшілік.