$ 488.91  532.62  5

«Ата-анаң Құдай ма?»: Димаштың әкесі келіннің сәлем салуы туралы айтты

Келіннің ештеңесі кеміп қалмайды.

Фото: diapazon.kz
Фото: diapazon.kz

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев келіннің сәлем салуына қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол алдымен үлкенге құрмет көрсетіп, сәлем салу келіннің сыйластығы мен ізеттілігін арттыратынын атап өтті.

Қазір келіннің «Ата-анаң Алла ма, Құдай ма? Сәлем салмаймын адамға» деп айтып жатқанын естіп қалғанда, тосырқап қаламын. Келіннің үлкенге сәлем салуының 3 факторы бар: келін қайын ағасына сәлем етеді, өзінен үлкен апаларына сәлем етеді, ата-анасына сәлем етеді. Сәлем салған кезде қайын аға өзінің орнын біле қояды. Ол аға екенін біліп, салмақты формасына келеді. Қайын апа да өзінің салмақты формасына келеді. Кіші ізет жасап тұрғанда, «Бақытты бол!» деп батасын береді. Ортада бір сыйластық қалыптасады. Ата мен енеге сәлем салғанда, ол да «Бақытты бол! Өркенің өссін!» дейді. Келіннің ештеңесі кеміп қалмайды, жақсы сөз естіп, жақсылыққа ұмтылатын бір ұрпақ тәрбиесі қалыптасады, – деді Қанат Айтбаев.

Желі қолданушылары оның айтқандарымен келісіп, әншіге деген ризашылықтарын білдіріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1541
Ұнамайды 38
Күлкілі 27
Ашулы 30

Серіктес жаңалықтары