Продюсеріміздің идесын креатив деп айтар едік.
2000 жылдары ерекше образымен хит болған Нұрлан мен Мұрат тобы имидждерінің құпиясын ашты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Гуля Диярова деген продюсеріміз болды. Соның айтқан образын істедік. Идея авторы сол кісі еді. “Бір ай сақал-мұртты алмай, шаш қимай жүресіңдер” деді. Азып-тозғанның көкесін сол кезде көрдік. Бір күні бәрі өсіп болғасын сұлулық салонына апарды. Ол жерде бізді тырнағын бояп алған бір жігіт қарсы алды. Шашымызды сипап, бет-аузымызды ұстағанда біртүрлі болады екенсің. Сол кісі қарындашпен бетімізге мұрттың формасын салып берді. Моңғол стиліндегі адамдар болып шыға келдік. Сол кезде “шетелский” болдық”, – деп күлді Нұрлан Әмір.
Сонымен қатар Нұрлан Әмір басында телпектің де қайдан келгенін айтты.
“Ол кезде менің жасым 35-те болатын. Гуля продюсер “Қартайып келе жатсың, ертең шашың түсіп қалады” деп телпек кигізу идеясын ұсынды. Одан кейін көзімде тыртық бар еді. Соны жабу үшін көзілдірік тақтық. Сол уақытта бес шапан тіккізді. Соны біраз жыл кидік. Продюсеріміздің идесын креатив деп айтар едік”, – деді топ солисі.