Бала теріс келіп тұрғасын, кесарь тілігін жоспарлады.
Мейрамбек Бесбаевтың әйелі Мархабат Бесбаева жуырда үшінші сәбиін босанған еді. Енді ол көпшіліктің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мархабаттың айтуынша, ол бала көтеру үшін ЭКО жасатпаған.
«Қызымыз екеумізде бәрі жақсы. Қолымыз енді босап жатыр. Қаншама тілектер жазып жатырсыздар, алғысым шексіз. Әр әйелге жұғысты болсын. Мен кесарь тілігін жоспарладым. Өзің босансаң сол бойда ғана қиналып, кейін аттай шауып кетесің. Кесарь тілігіне түсіп, жансақтау бөлімінде жаттым. Келесі күні жүре алмай, қиналасың. Бірақ әркімнің ағзасы әртүрлі ғой. Бала теріс келіп тұрғасын, кесарь тілігін жоспарлады. Тіпті күнін де белгілеген едік, бірақ қызым жарық дүниеге келуге асықты. Мен арнайы емделіп, дайындалған жоқпын. ЭКО да жасатпадым. Алланың бізге берген үлкен сыйы», – деп жазды Мархабат Бесбаева.